Мемлекеттен көмек алуы тиіс кәсіпорындар «тізімін» қайта талқыламақ

Мемлекеттен көмек алуы тиіс кәсіпорындар «тізімін» қайта талқыламақ

Түпнұсқаны көру

Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғаны үшін биліктен көмек алуы тиіс 361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетін кәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың да бизнесі бар. Ұлттық экономика министрлігі мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы бір-біріне сілтеп, “мемлекеттік комиссияның мақұлдауына ұсынылған компаниялар тізімін біз жасаған жоқпыз” деп отыр.