Қазақ боксы Америкада көрсетіледі

Қазақ боксы Америкада көрсетіледі

Түпнұсқаны көру

«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясы мен ірі америкалық  холдингтардың бірі «ESPN+» эксклюзивті теледидарлық келісім-шартқа қол қойды.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізілген пресс-ланч барысында белгілі болды.

Келісім-шартта  АҚШ аумағында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» ұйымдастыратын кәсіпқой бокс турнирларын 2023 жылға дейін көрсету туралы келісім бар.

«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясының президенті  Асқар Салықбаев:

— Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы компанияның құрылған кезінен бастап, біз АҚШ-тың  «ESPN+» арнасының тікелей эфирінде  өзіміздің 5 шоу бағдарламамызды көрсеткен болатынбыз. Ең алғашқы шоу өткізген кезімізде еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына  аты аңызға айналған промоутер Боб Арум мен Ұлыбританиялық әлем чемпионы  Билли Джо Сондерс келген болатын. Алдыңғы келісім-шартымыз 10 шілде күні  Алматы қаласында өтетін алтыншы турнирдан кейін аяқталу керек болатын.

Жаңа келісім 2023 жылдың соңына дейін есептелген. Бұл келісім бойынша біз Қазақстаннан «ESPN+» теледидарлық желісіне енетін шамамен 9 турнирді көрсетуге кепілдік береміз. Өзіміздің таңдаған стратегиямыздың дұрыстығын дәлелдейтін және америкалық көрерменнің Қазақстан боксшылары мен біздің компанияға деген үлкен қызығушылығына өте қуаныштымыз.

Сол күні  «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» компаниясы  кезекті спорт шарасын 10 шілде күні Алматы қаласындағы  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізетіні туралы белгілі болды. Кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі қазіргі таңда Англияның Манчестер қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрген бірінші орта салмақтағы (69 кг) Тұрсынбай Құлахметтің титулын қорғау жекпе-жегі болады.

Ол супер жеңіл салмақтағы шотландиялық боксшы Ли МакГрегор өнер көрсетеді. Сонымен қатар «ESPN+» эфир кестесіне Талғат Шайкен, Нұртас Ажбенов және Сұлтан Заурбектің қатысуымен болатын жекпе-жектер енеді.

Сонымен қатар, кардта «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясының боксшылар да қолғап түйістіреді. Олар:   Әли Балоев, Бағдат Уайдаев, аағйынды Рай мен Рахат Сейтжановтар, Нұрбол Сұлтанбай, Абай Төлеш, Нұрдос Төлебай, Айдос Медет, Жансая Рахымберді.

«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» — серпінді түрде дамып келе жатқан кәсіпқой бокстағы менеджерлік компания. Ол елімізде кәсіпқой боксты дамыту және танымал ету, кәсіпқой бокс индустриясын құру, кәсіпқой боксшыларды халықаралық аренаға шығару және ең беделді әлемдік ұйымдардың нұсқалары бойынша титулдар үшін жекпе-жекке көмек көрсетумен айналысады.

Мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясы «TUKESHOV BOXING PROMOTION» промоутерлік компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда 2019 жылдан бері 20-дан астам кәсіпқой бокс кештерін өткізді.

Осы уақыт аралығында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» және «TUKESHOV BOXING PROMOTION» компанияларының қолдауымен өткен турнирларға Қазақстанның барлық аймақтарының атынан 250-ден астам боксшы қатысты. Осы кезеңде Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Қамшыбек Құнқабаев, Тұрсынбай Құлахмет, Нұртас Ажбенов сияқты боксшылар, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің иегерлері болды. 

2020 жылы «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN GOLDEN CONTRACT» ауқымды спорт жобасы сәтті түрде жүзеге асырылды. Бұл жобаға екі салмақ дәрежесіндегі  (59 кг-ға және 69 кг-ға дейін) қазақстандық боксшылар қатысты. Жоба жеңімпаздары бонус ретінде қомақты ақшалай сыйлықтарға, «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясымен толық келісім-шарт және WBC мен WBO нұсқаларына сәйкес белбеулерге ие болды.

Жақсы ұйымдастырылған жүйелі жұмыс  әлемдік спорт қоғамдастығының назарын аударды. Мысалы, тікелей эфирде Қазақстанда өткізілген 5 ірі турнирді көрсеткен  АҚШ-тың  «ESPN» компаниясымен жасалған келісім-шартты соның нәтижесі деуге болады.

Трансляциялар мен рейтингтердің жоғары сапасы және ұйымдастырылған турнирлардың дәрежесін ескере отырып, «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» мен «ESPN» телеарнасы 2023 жылдың соңына дейін көзделген ұзақ мерзімді эксклюзивті келісім-шарт жасауға келісті. Келісім-шарт бойынша, «ESPN»  АҚШ аймағында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» компаниясы  өткізген турнирлерді  көрсетуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» компаниясының әлемдік серіктестері:

  • «BUKA BOXING» — спорттық жабдықтар өндірісінің нарық жетекшілерінің бірі.
  • «IFL TV»британдық стриминг қызметі.
  • «ROUND10BOXING»әлемдегі ең үлкен бокс залдарының желісі.
  • «ESPN»американдық теледидар алыбы.

 «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» компаниясының әлемдік серіктестер қатарына «Neo SAUMAL» сауда маркасымен «BBPARTNERS» компаниясы қосылатынын қуана жариялаймыз. «Neo SAUMAL» — мұздатылып, кептірілген бие сүтін өндіретін еліміздің ең ірі өндірушісі.

Бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдерімен өткен кездесуде «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» және «TUKESHOV BOXING PROMOTION» жобаларын дамытуға қатысты бірқатар негізгі мәселелер де талқыланды:

  • «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» мен «ESPN» телеарнасы арасындағы эксклюзивті келісім-шарт;
  • «TUKESHOV BOXING PROMOTION» промоутерлік компаниясының қолдауымен және «Қазақстанның Кәсіпқой бокс комиссиясының» қолдауымен өтетін турнирлер аясында ең жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшылар арасында Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу;
  • «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN», «TUKESHOV BOXING PROMOTION» және «BBPARTNERS» компаниялардың бірлесіп, бірегей жобаны іске қосу. Бұл бүкіл қазақстандық жанкүйелерге үлкен бокс әлеміне қатысуын сезінуге мүмкіндік беретін жоба;
  • Шілде айында Алматыда қазақстандық және алыс-жақын шетел боксшыларының қатысуымен өтетін үлкен бокс кеші туралы хабарландыру. Бұл айқастар «ESPN» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

 

«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN»

 Байланыс үшін:

 8-707-550-55-89

Данияр КӘРІМЖАН