«Кемел мырза». Тоқаев отбасын Ресеймен не байланыстырады?

«Кемел мырза». Тоқаев отбасын Ресеймен не байланыстырады?

Түпнұсқаны көру

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі наразылықты басуға әскер жіберуді сұрағанда Ресей көп ойланып-толғанбады. Бұл таңданарлық жағдай емес: Тоқаевтың бұрынғы әйелі Ресейде туған. Ал ұлы Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген, Мәскеу облысы Химки жеріндегі атышулы тұрғын үйді салған компанияның директорлар кеңесіне кірген.